Жеңімпаздар 7 номинация бойынша марапатталады
8 желтоқсанда Астана қаласындағы «Бейбітшілік және келісім» сарайында «АМАNАТ» партиясының қолдауымен «Қазақстан мүгедектер конфедерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі ұйымдастыруымен «Жан Шуақ» халықаралық қоғамдық сыйлығының 15-ші мерейтойлық жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Жан Шуақ» халықаралық қоғамдық сыйлығы «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында жыл сайын ұйымдастырылады.
Байқау жеңімпаздарын марапаттау 7 номинация бойынша жүргізіледі.