Температуралық фонда күрт өзгерістер болмайды
«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге, яғни 6-8 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Синоптиктер болжамынша, Қазақстанның басым бөлігі алдағы үш тәулікте жоғары қысым ықпалында болатындықтан, ауа райы ашық, аязды, негізінен жауын-шашынсыз болады. Атмосфералық фронттардың әсерінен тек еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қар, тұман, оңтүстігінде көктайғақ болады.
«Температуралық фонда күрт өзгерістер болмайды. Түнде 6 желтоқсанда Қарағанды, 7-8 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облыстарында 35 градус аязға дейін болады деп болжанып отыр», - дейді синоптиктер.