Нұр-Сұлтанда жас қызды зорламақ болған күдікті ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Ұсталған азамат тергеу изоляторына қамауға алынды

Фото; Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметінен к

Нұр-Сұлтанда психоневрологиялық диспансерден қашып кеткен күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.  

 «Сағат 22:40-та Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру шарасы барысында, 9 қазан күні сағат 12:22 шамасында Жансүгіров көшесінде орналасқан психоневрологиялық диспансер аумағынан қашып кеткен тергеу-қамауға алынған азамат ұсталды», - делінген хабарламада.

Ұсталған азамат тергеу изоляторына қамауға алынып, тексеріс жүргізілуде.

Айта кетейік, кеше ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы (зорлау) бойынша күдікке ілінген 42 жастағы ер адам Жансүгіров пен Құдайбердіұлы көшелерінің қиылысында орналасқан медициналық мекемеден қашып кеткен болатын.