Тастанды сәби туралы полицияға хабарламаған медициналық ұйымдарға айыппұл салынады

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл Қазақстандағы бала саудасының алдын алу үшін жасалып отырған шара

фото: otyrar.kz

Енді елімізде тастанды сәби туралы полицияға хабарламаған медициналық ұйымдарға айыппұл салынады. Осылайша, құзырлы орган өкілдері Қазақстандағы бала саудасына тосқауыл қоймақ. Бұл туралы Azattyq Ruhy informburо-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Әрі медициналық мекеме басшыларының жауапкершілігін күшейтпек. Жаңа өзгертулер Әкімшілік кодекске енгізіледі.

Оған сәйкес, аналары тастап кеткен сәбилер мен жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар туралы ақпаратты жасырып қалған медициналық ұйым мен балаларға арналған мекеме басшылары мен қызметкерлері айыппұл арқалайды. Жеке тұлғалар үшін айыппұл мөлшері 15 мың теңгеден асса, лауазымды тұлғаларға - 30 мың теңге көлемінде салынады. Егер осындай заң бұзушылық бір жыл ішінде тағы қайталанатын болса, онда айыппұл мөлшері үш еселенеді.