Күдіктіден 45 граммдай есірткі заты тәркіленді
Астана қаласы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі өткізгені және сақтағаны үшін ер адамды ұстады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тінту барысында Өзбекстанның 50 жастағы азаматынан 44,25 грамм гашиш тәркіленді.
Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, оның есірткі қолданғаны расталды.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
ҚР ҚК 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.