Қазақстанда бір тәулікте 173 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

1300-ден аса адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр

фото: baq.kz

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа шалдыққандар туралы жаңа мәліметті жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«3 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 1 303 адам коронавирус инфекциясынан (–1 116+ және 187 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 176 пациент стационарда, 1 127 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда», - делінген ДСМ хабарламасында.

Сонымен қатар КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 7 адамның жағдайы ауыр, 3 пациенттің жағдайы өте ауыр ал 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Тегтер: