ЕО елдері Ресей мұнайына баға шегін енгізу туралы мәмілеге келді

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы ЕО жанындағы Польшаның тұрақты өкілі Анджей Садос хабарлады

Фото ашық дереккөзден

ЕО елдері Ресей мұнайының барреліне 60 доллар бағасының шегін енгізу туралы мәмілеге келді. Бұл туралы ЕО жанындағы Польшаның тұрақты өкілі Анджей Садос хабарлады.

Польша ЕО-ның баға шегін енгізуге тосқауыл қойып, оны одан да төмен етуді талап еткен жалғыз ел болып қала берді.

Ресейдің Украинаға басып кіруі басталғанға дейін Еуропалық одақ Ресей Федерациясынан мұнайдың 29% алды.

Бұған дейін Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Ресей мұнай бағасын шектейтін елдерге энергия ресурстарын жеткізбейді деп мәлімдеген болатын.