Қостанай облысында көлік салығынан жалтарған 12 адам қамауға алынды

Автор: Azattyq Rýhy

Ал бір адамға іздеу жарияланған

Фото ашық дереккөзден

Қостанай облысында автокөлік салығынан жалтарған 12 адам қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

 Сот орындаушылары отыз күндік ескертуге құлақ аспағандарға осындай қатаң жаза қолдана бастады. Жалпы Қостанай облысы бойынша алты мыңнан астам көлік иесі салық төлеуді созбаққа салып жүр. Олардың қарызы 100 млн тенгеден асады. Қазір берешегі барлардың банк картасы жаппай бұғатталып жатыр. Төлеп болмайынша жалақысын ала алмайды және шетелге шыға алмайды. Жыл басынан бері салық қарызын уақытылы өтемеген 19 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Ал бір адамға іздеу жарияланды.

 «Оның жол талғамайтын көлігі үшін салық қарызы 4 млн тенгеден астам. Сот орындаушылары көлікті тәркілеп, айып тұрағына  қойды. Ал иесіне іздеу жарияланды. Яғни заң аясында мәжбүрлі түрде өндіріп алудың осындай шарасы қолданылды», - деді облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Шынар Мұқанова.