Қазір қалада жалпы 7 бригада жұмыс істеуде
Екібастұзда 40-тан астам үйге әлі де ауызсу берілген жоқ. Бұл туралы БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингіде қала әкімі Аян Бейсекин мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
"Бүгінгі таңда 40-тан астам үй сусыз отыр. Кеше ондай үйлердің саны 56 болған еді. Сондықтан бұл бағытта оң динамика байқалады. Әрине, электр жүйелеріне түсетін жүктеме артуда. Бұрын қала 30-32 мегаватт электр энергиясын тұтынса, қазір ол тәулігіне 48-55 мегаватты құрап отыр. Осы мәселені шешу үшін бүгінгі таңда 11 үй жарықтан ажыратылды. Қазір қалада жалпы 7 бригада жұмыс істеп жатыр", - деді Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин.