Алматыда тұрғын үйлердің біріндегі лифт құлап, бір адам қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиғаның мән-жайы анықталуда

Фото ашық дереккөзден

Алматы қаласында салынып жатқан тұрғын үйлердің бірінде лифт құлап, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Рolisia.kz.

«Полиция еңбекті қорғау қағидаларын бұзу фактісі бойынша тергеуді бастады. Іс ҚР ҚК-нің 156-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелді. Фактіні Алмалы ауданы ПБ жанындағы полиция бөлімінің қызметкерлері тексеруде», - делінген полиция хабарламасында.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.