Ұлытау және Жамбыл облыстарының әкімдері қызметіне қайта тағайындалды

Автор: Azattyq Rýhy

Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытау облысының басшысын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ Жамбыл облысының әкімі өз қызмет орнн сақтап қалды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов Жамбыл облысының әкімі лауазымына тағайындалды», - делінген Президент Жарлығында.

Айта кетсек, Берік Әбдіғалиұлы 1971 жылғы 18 қыркүйекте Қарағанды облысы Жезқазған кентінде дүниеге келген.

2021-2022 жылдары VII шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болған Берік Әбдіғалиұлы 2022 жылдың маусым айынан бастап Ұлытау облысының әкімі болып қызмет атқарып келеді.

Сондай-ақ Нұржан Нұржігітов 1967 жылы туған, білімі жоғары.

Бұрын Байзақ ауданының әкімі болған Нұржан Молдиярұлы 2021 жылдың сәуір айында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалған болатын.