Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады
Мемлекет басшысының Жарлығымен Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев Жетісу облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сондай-ақ ҚР Президентінің Жарлығымен Серік Жамбылұлы Шәпкенов Атырау облысының әкімі лауазымына тағайындалды.
Әйтенов Мұрат Дүйсенбекұлы да Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығы бойынша Шымкент қаласының әкімі лауазымына қайта тағайындалды.