Жапонияда үй аюы иесін жарып өлтірді

Автор: Әмірболат Құсайынұлы

Аңшылар қауымдастығы аюды сол жерде-ақ атып өлтіргенін хабарлады

Жапонияның Мацумото қаласында асыранды аю иесін жарып өлтірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Аю торға кірген 75 жастағы иесіне шабуыл жасап, оны жарып тастаған.

2004 жылы Акиру Мураяму азиялық қара аюды ұстауға лицензия алған. Содан бері жабайы аң ер адамның үйіндегі торда өмір сүріп келген. Аюдың қонжығы 18 жылда айтарлықтай салмақ жинаған.

Мураямның туыстары полицияға қоңырау шалып, оған аюдың шабуыл жасағанын хабарлаған. Оқиға орнына келген полицейлер қорқынышты көріністің куәсі болған. Үйдегі жабайы аң торда иесінің сау тамтығын қалдырмаған.

Аңшылар қауымдастығы аюды сол жерде-ақ атып өлтіргенін хабарлады.