Президент қысқы жылыту маусымына дайындықты тексеру үшін комиссия құруды тапсырды

Автор: Azattyq Rýhy

Мемлекет басшысы жұмысты он күн ішінде нақты қорытындылармен және ұсыныстармен аяқтауға міндеттеді

Фото ашық дереккөзден

Президент орталық және жергілікті органдардың қысқы жылыту маусымына дайындығын тексеру үшін комиссия құруды тапсырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy БОРТ №1 телеграм-арнасына сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысы Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменовтің жетекшілігімен орталық және жергілікті органдардың қысқы жылыту маусымына дайындығын тексеру үшін комиссия құруды тапсырды», - делінген хабарламада.

Комиссия құрамына Бас прокуратураның, Жоғары аудиторлық палатаның, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді.

Президент жұмысты он күн ішінде нақты қорытындылармен және ұсыныстармен аяқтауды тапсырды.