Қызылорда облысында Самара-Шымкент тас жолының бір бөлігі жабылды

Автор: Azattyq Rýhy

Синоптиктердің болжамынша, өңірде қар жауады

Фото ашық дереккөзден

30 қарашада елорда уақыты бойынша сағат 20:45-те Қызылорда облысында Самара-Шымкент тас жолының белгілі бір учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

"ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ түсіндіріп өткендей, аталған тас жолдың 1803-1912 шақырым аралығында, яғни Қызылорда қаласынан Байгеқұм ауылына дейінгі учаскеде ауа райының нашарлауына байланысты шектеу енгізілді.

Синоптиктердің болжамынша, өңірде қар жауады.