Үкімет басшысы бірінші кезекте қалалық ЖЭО-ға бас сұқты
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Екібастұз қаласына барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Үкімет басшысы бірінші кезекте қалалық ЖЭО-ға барды.
Сонымен қатар Премьер-Министр жылу желілеріндегі жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысады.
27 қарашада Екібастұз жылу электр орталығында апат болып, қала тұрғындары жылусыз қалған еді.