Сондай-ақ коронавирус пневмониясына шалдыққан 3 адам анықталды
Қазақстанда өткен тәулікте 114 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды. Сондай-ақ коронавирус пневмониясына 3 адам шалдыққан. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
30 қарашадағы мәлімет бойынша, 1 020 адам коронавирус инфекциясынан (–882+ және 138 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 165 пациент стационарда, 855 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 6 адамның жағдайы ауыр,
- 2 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.