АҚШ Түркияның Сириядағы әскери операциясына қарсы шықты

Автор: Әсел Оршыбекова

Түркия әлі де террористік шабуылдардың құрбаны болып қала болып отыр

Фото: yandex.ru

АҚШ Түркияның өзін террористік шабуылдардан қорғауға құқығы бар деп санайды, бірақ Анкараның Сирия аумағында бейбіт тұрғындарға, сондай-ақ сол жерде орналасқан америкалық әскерге қауіп төндіретін кез келген операцияларды жасауға құқығы жоқ деген пікірде, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

EurAsia Daily ақпараттық агенттігінің жазуынша, бұл туралы дүйсенбіде Ақ үйдің Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесінің (ҰҚК) стратегиялық коммуникациялар жөніндегі үйлестірушісі Джон Кирби брифингте мәлімдеді.

Оның айтуынша, Түркия әлі де террористік шабуылдардың құрбаны болып қала болып отыр, сондықтан да ол өзін және өз азаматтарын қорғауға құқылы.

«Оларға қатысты лаңкестік шабуылдар жасалды, бірақ біз, әсіресе Сирия аумағында, одан да көп адам шығынын болғанын қаламаймыз. Біз сондай-ақ Сирия аумағында Түркия тарапынан америкалықтардың өміріне қауіп төндіретін әрекеттеді көргіміз келмейді. Өйткені ол жерде Сирияның демкоратиялық кұштеріне көмек көрсетіп жатқан америкалық әскерлер бар», - деді Кирби.

Кирбидің айтуынша, Вашингтон қазіргі уақытта Стамбулдағы лаңкестік шабуылға кім жауапты екенін айта алмайды.

Еске салайық, Түркия 20 қарашаға қараған түні Ирак пен Сирияның солтүстігінде 50-ден астам ұшақ пен 20 дронды қамтитын әуе операциясын өткізді. Анкара Түркия тыйым салған Күрдістан жұмысшы партиясының орналасқан жерлеріне соққылар жасады. Түрік билігі 13 қарашада Ыстамбұлда алты адамның өмірін қиған шабуыл үшін сириялық күрдтерге жауапкершілік жүктеді.