Бүгін елімізде ашық әрі аязды ауа райы сақталады

Автор: Azattyq Rýhy

Тек оңтүстік аймақтарда қар жауып, көктайғақ болуы мүмкін

Фото: ашық дереккөзден

Синоптиктер 29 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Республиканың басым бөлігі әлі де суық антициклонның ықпалында болғандықтан ашық және аязды ауа райы болуы мүмкін. Атмосфералық фронттардың өтуімен республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ болады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

ҚР бойынша жел күшейіп, солтүстік-батыста, оңтүстіктің таулы аймақтарында, оңтүстік-шығыста тұман түседі.

Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында 30 м/с және одан да аса жел соғады.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Шығыстан соғатын жел түнде оңтүстік-шығыстан 3-8, күндіз секундына 7-12 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -21-23, күндіз -12-14 градус болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Түнде тұман түседі. Жел секундына 2-7 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -6-8 аяз, күндіз -1+1 градус болады.

Шымкентте күн бұлтты, өткінші жауын-шашын (негізінен жаңбыр) жауып, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 8-13, түнде екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -2-4, күндіз +6+8 градус болады.