Президент Францияға ресми сапармен барды

Автор: Azattyq Rýhy

Мемлекет басшысы Францияның іскер топтары өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді

Фото ашық дереккөзден

Президент Францияға ресми сапармен барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy БОРТ №1 телеграм-арнасына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Парижде Франция Президенті Эммануэль Макронмен келіссөз жүргізеді. Келіссөз барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы стратегиялық серіктестікті дамыту перспективалары талқыланады.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Францияның іскер топтары өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді.