Өңірде 40 градусқа дейін аяз болады деп күтілуде
29 қарашада Абай облысында мектеп оқушылары мен колледждердің 1,2 курс студенттері онлайн форматта оқиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Абай облысы әкімдігінің Telegram-арнасына сілтеме жасап.
«Абай облысында 29 қараша күні ауа райының қолайсыздығына байланысты (қатты аяз күтілуде) І ауысымда мектеп оқушыларының 1-11 сыныптары және колледждердің 1,2 курс студенттері үшін сабақ қашықтық форматқа ауыстырылады»,-делінген хабарламада.
Бұған дейін синоптиктер 29 қараша күні Абай облысында 40 градусқа дейін аяз болатынын жариялаған еді.