Астанада Көктал-1 шағын ауданының тұрғындары газсыз қалды

Автор: Azattyq Rýhy

Газ беру аварияның салдарын жойылғаннан кейін қалпына келтіріледі

Фото ашық дереккөзден

Астанада Көктал-1 шағын ауданының тұрғындары газсыз қалды. Бұл туралы «ҚазТрансГаз Аймақ» компаниясы мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Сағат 18.40-та «Газовик» ЖШС-нің құрылыс техникасы жұмыс істеп жатқан кезде Шұғыла көшесі- 24 мекенжайындағы орташа қысымды, диаметрі 225 мм болатын газ құбырына зақым келді. Бұл құбыр №14,15,16 газ тарату пунктерін табиғи газбен қамтамасыз етеді. Соның салдарынан Көктал-1 шағын ауданына газ беру толығымен тоқтап қалды. 236 абонент газсыз отыр. Газ беру аварияның салдарын жойылғаннан кейін қалпына келтіріледі», - делінген хабарламада.

Ұйым өкілдері аталмыш шағын аудан тұрғындарынан авариялық карандарды жауып ұстауды сұрап отыр.

Тегтер: