Семейде ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күні аталып өтті

Автор: Azattyq Rýhy

Ауыл шаруашылығын дамытуға қосқан үлесі үшін 33 маман марапатталды   

Бүгін Абай облысының орталығы Семей қаласында ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күні аталып өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариков, Абай облысы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Анзор Абаев, ветеринария басқармасының басшысы Ержан Барышев, ауыл шаруашылығы саласына жетекшілік ететін барлық аудан әкімдерінің орынбасарлары, сондай-ақ Абай облысының Атамекен өңірлік Кәсіпкерлер палатасы, Қазақстан фермерлер қауымдастығы қатысты.

Ауыл шаруашылығын дамытуға қосқан үлесі үшін облыстың 33 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен ауыл шаруашылығы мамандары марапатталды. Оның ішінде - "Еңбек ардагері" медалімен, "Ауыл шаруашылығы саласының үздігі" төсбелгісі, ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің 9 құрмет грамотасы, сондай-ақ облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың 19 алғыс хаты.

Қонақтар ауыл шаруашылығы жануарларының, ауыл шаруашылығы техникасының, тыңайтқыштардың, тұқымдардың көрмесімен танысты.

Ауыл шаруашылығы жануарларының көрмесі бойынша Бесқарағай ауданы "Мукинов" ШҚ (жылқының жаңа тұқымын ашқан), "Агрофирма "Приречное" ЖШС Семей қаласы және "Лазарев и К" ЖШС Бородулиха ауданы (Асыл тұқымды ІҚМ өсірумен айналысады), "Қасқабұлақ" ЖШС Абай ауданы (түйе өсірумен айналысады) қатысты.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесі бойынша тыңайтқыштар, тұқымдар, минералды тыңайтқыштар өндіретін 10 компания, ветеринариялық препараттар бойынша 3 компания, ауыл шаруашылығы техниктерін сататын 6 кәсіпорын, Абай облысында өнім шығаратын 15 АШТӨ қатысты.