Италияның Искья аралында толассыз жауған жаңбырдың салдарынан сел жүрген
Искья аралығындағы жаңбыр мен селдің салдарынан кемі бес адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ryhy тілшісі Еуроньюс агенттігіне сілтеме жасай отырып.
Аралдағы елдімекендерде бірнеше үйді сел ағызып кеткен. Ал теңіздің жағасында тұрған көліктер, тіпті, шағын автобустар теңізге қарай ағып, құлап кеткен. Жергілікті билік кемі 200 адамды қауіпсіз жерге көшірді деген ақпарат бар.
жаңбыр мен сел құтқарушылардың жұмысын қиындатып отыр.