Қазақстанда өткен тәулікте 84 адамнан коронавирус анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

COVID-19 инфекциясын жұқтырған 1 007 науқас емделіп жатыр

Фото: gov.kz

Қазақстанда өткен тәулікте 84 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

28 қарашадағы мәлімет бойынша, 1 007 адам коронавирус инфекциясынан (–858+ және 149 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 131 пациент стационарда, 876 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 6 адамның жағдайы ауыр,

- 2 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.