Бұл туралы Рейтер агенттігіне сілтеме жасай отырып ВВС хабарлайды
Дереккөзге сүйенсек, Рейтер агенттігі Ұлыбританияның премьер-министр Риши Сунактың бүгін, дүйсенбіде жариялайтын сөзінің түпнұсқасын алдын ала оқыған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Онда Риши Сунак Украинаға қатысты көмек туралы жазған.
Сунак «Лондон Киевке келесі жылы кемі қазіргідей көлемде әскери көмек береді» деген мәлімдеме дайындаған көрінеді.
Британия Премьер-министрінің Украинаға қатысты ресми мәлімдемесі бүгін, 28 қарашада белгілі болмақ.