Жолаушыларға рейс кешіккен кезінде көрсетілетін қызметтер ұсынылған
Астана-Ыстамбұл бағытындағы РС-229 рейсі ұшу уақытының неліктен 30 сағатқа кешіккендігі белгілі болды. ҚР Азаматтық авиация комитеті себебін түсіндірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Осы жылдың 26 қарашасындағы «Pegasus Airlines» әуе компаниясының Астана-Ыстамбұл бағытындағы РС-229 рейсінің ұшу уақыты техникалық себептерге және экипаж уақытының аяқталуына байланысты 30 сағатқа кешігуде. 27 қараша күнгі сағат 11-00-дегі жағдай бойынша рейстің ұшуы техникалық себептерге байланысты кешігіп жатыр», - делінген хабарламада.
Комитет мәліметінше, рейсі кешіктірілген жолаушыларға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, рейс кешіккен кезінде көрсетілетін қызметтер (сусын, ыстық тамақ, қонақ үйге орналастыру) ұсынылған.
«Азаматтық авиацияның басты басымдығы – бұл ұшулардың қауіпсіздігі», - деді комитеттен.