Алматы - Өскемен тас жолында бес көліктің соқтығысуы салдарынан төрт адам қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Тағы бірнеше адам ауруханаға медициналық тексеруге жеткізілді

Фото ашық дереккөзден

Алматы - Өскемен тас жолында бес көліктің соқтығысуы салдарынан төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz телеграм-арнасына сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы 26 қараша күні кешке Көксу ауданында Volvo жүк көлігі мен төрт автокөліктің (Lexus 570, Nissan, Toyota Camry және Volkswagen Passat) қатысуымен орын алды.

Автокөліктер Алматы - Өскемен тас жолының 187-ші шақырымында ақырын төмен түсу кезінде соқтығысқан.

Оқиға орнында 4 адам қаза тауып, тағы бірнеше адам ауруханаға медициналық тексеруге жеткізілді.