$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Мемлекет басшысы: Қызмет – уақытша, ал халық – мәңгі

Біздің Отанымыз – бір, мемлекетіміз – бір, халқымыз – бір!

Мемлекет басшысы: Қызмет – уақытша, ал халық – мәңгі
БОРТ №1

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президентті ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзінде қазақстандықтарды бірлікке шақырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Шын мәнінде, еліміз аман болса, жеріміз бүтін, бірлігіміз бекем, мемлекеттігіміз мәңгі болады. Осы құндылықтарды мызғымастай етіп бекіту – қазақтың перзенті, Қазақстанның Президенті ретіндегі менің қасиетті парызым.

Ашығын айтқанда, қызмет – уақытша, ал халық – мәңгі. Мен президенттік миссиямды халқыммен бірге алдағы жеті жылда абыроймен атқарып шығамын деп сенемін. Біздің Отанымыз – бір, мемлекетіміз – бір, халқымыз – бір! Сондықтан әрқашан бірге болайық, ағайын!

Еліміз өсіп-өркендей берсін! Отанымыз – Қазақстан Республикасы жасасын! Халқымыз жасасын! Халқымыз әрқашан аман болсын! Тәуелсіз Қазақстанымыз жасасын!», - деп түйіндеді сөзін Мемлекет басшысы.

Серіктес жаңалықтары