Қасым-Жомарт Тоқаев халық алдында ант берді
Астанада Қасым-Жомарт Тоқаевты Президент ретінде ұлықтау рәсімі өтіп жатыр
Астанада Қасым-Жомарт Тоқаевты Президент ретінде ұлықтау рәсімі өтіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қасым-Жомарт Кемелұлы Президент ретінде Ант қабылдады.
«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк беруге, Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзiме жүктелген мәртебелi мiндетiн адал атқаруға салтанатты түрде ант етемiн», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға қолын қойып тұрып.
Осы сәттен бастап Президент ресми қызметiне кiрiскен болып саналады.
Ант берiлгеннен кейiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Гимнi орындалды. Сонымен қатар, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мемлекет басшысына Қазақстан Республикасы Президентiнiң куәлiгiн тапсырды.