Полиция зардап шеккен азаматтарды ПД кезекші бөліміне хабарласуын сұрайды
Алматыда бірқатар алаяқтық жасағаны үшін 1970 жылы туған Ресей азаматы ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Полицияның мәліметінше, қазіргі уақытта күдіктінің үш эпизодқа қатысы бар екендігі анықталды.
«Күдікті такси жүргізушілерін техника мен басқа да халық тұтынатын тауарларды арзан бағамен алуға мүмкіндігі бар екенін айтып, сендірген. Сонымен қатар кейін тауарды сатуға көмектесемін деп уәде берген. Ақыры «тиімді кәсіпке» тез арада ақша салуға көндіріп, қаражатты өзі иемденіп кеткен», - деді Медеу аудандық полиция Басқармасы бастығының орынбасары Тимур Мулинов.
Полиция жәбірленушілердің одан да көп болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.