25.11.2022, 21:48
Жаңалықтар
Қарағандыда екі автобустың соқтығысуынан қаза тапқандардың саны артты
Жол апатынан зардап шеккендердің төртеуі ауыр жағдайда ауруханада жатыр
Фото: Kazakh24.info
Қарағандыда екі автобустың соқтығысуынан қаза тапқандар саны артты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«2003 жылы туған пациент алған ауыр жарақаттарының салдарынан көз жұмды. Қалған науқастардың жағдайы бірқалыпты», – деп хабарлады Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Еске салайық, бүгін, 25 қарашада таңертеңгі уақытта Қарағандыда көпірдің үстінде екі маршруттық автобус соқтығысып, салдарынан жүргізушілердің бірі көз жұмған болатын. Бұған қоса 18 адам зардап шеккен, олардың төртеуі ауыр жағдайда ауруханада жатыр.
Көп оқылған
16.10.2026, 10:11
«Бес айлық сәбиді өлтірген»: бір қылмыскерді ұстау үшін Қызылорданың пост-бекеттеріндегі бақылау күшейді
16.10.2026, 12:13
Таиландтан екі чемоданмен есірткі тасыған: Астанада 2006 жылғы қыз бала 16 жылға сотталды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды