Тәркіленген қаруға сараптама жасалады
Ұлытау облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері облыстың заңсыз атыс қаруын алған және оны сақтаған екі тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Полицейлер облыстағы елді мекендердің бірінің сыртында екі қару мен оқ-дәріні заңсыз сақтаған Жаңаарқа ауданының екі тұрғынын ұстады.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 287-бабы «Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Сараптамалар тағайындалып, тәркіленген қаруды қолдану арқылы қылмыстық құқық бұзушылықтардың жасалғанын анықтау мақсатында тексеру жүргізілуде.