Атырауда діни салада құқықбұзушылық жасағандарға 3 млн теңге айыппұл салынды

Автор: Azattyq Rýhy

Атырау облысы Полиция департаменті  63 адамды жауапкершілікке тартты

Фото: dp__sko

Атырауда діни салада құқықбұзушылық жасағандарға 3 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Атырау облысы Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Атырау облысы бойынша Дін істер басқармасының қызметкерлерімен бірлескен әлеуметтік желілердегі заңсыз діни материалдардың таралуының алдын алу мақсатында мониторинг жұмыстарын жүргізу барысында барлығы 63 әкімшілік құқықбұзушылықтарды анықтады.

Атап айтқанда, ҚР ӘҚБтК-нің 453 бабы бойынша яғни «Бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін, сол сияқты өзге де өнімді Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату фактілері» – 23, ал ҚР ӘҚБтК-нің 490 бабы бойынша «Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзудың- 40 фактісі тіркелді.

«Анықталған әкімшілік құқықбұзушылық жасаған тұлғаларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 453 және 490 баптары бойынша әкмішілік хаттамалары толтырылып, жинақталған іс-құжат Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына жолданып, оларға қатысты соттың шешімімен барлығы 2​ 901 677 теңге мөлшерінде айыппұл салынды», - деп көрсетті ведомствоның баспасөз қызметі.

Тегтер: