Арнайы техника жүргізуші мамандықтары бойынша жалпы 578 вакансия ұсынылды
«Татнефть» мұнай компаниясында жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс жүргізілді, деп хабарлады ҚазТАГ.
Компания бұрғылау, ұңғымаларды күрделі, механикалық жабдықты жөндеу салалары және арнайы техника жүргізуші мамандықтары бойынша жалпы 578 вакансия ұсынды.
Ұңғымаларды күрделі жөндеу саласы – 180 бос орын, механикалық жабдықты жөндеу саласы – 48 орын, арнайы техника жүргізуші бойынша – 350 орын бар.
Ұсынылған бос жұмыс орындары бойынша бір айға орташа жалақы 54 000 – 160 000 рубль (салықтар мен өзге де төлемдерді қосқанда) аралығында болады.
Осы аралықта облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен компания өкілдерін қатыстыра отырып үш мәрте әңгімелесу кезеңі өткізіліп, оған барлығы 947 адам қатысты.
І кезең 2-6 мамыр күндері 531 адам, ІІ кезең 6-7 тамыз күндері 321 адам, ІІІ кезең 12-13 қазан күндері 95 адам қатысты.
«Нәтижесінде 51 адам жұмысқа орналастырылды. Оның ішінде әр түрлі себептермен 10 адам жұмыстан босатылып, бүгінде 41 адам жұмысын жалғастыруда», - деді агенттікке хабарлаушы.