$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Мемлекеттік орган басшыларының атын жамылып, жұртты алдап жүргендер ұсталды

Қазіргі кезде қылмыстық іс бойынша жедел-тергеу іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр

Мемлекеттік орган басшыларының атын жамылып, жұртты алдап жүргендер ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет арнайы операция нәтижесінде алаяқтар тобын әшкереледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Күдіктілер мемлекеттік орган басшыларының сенімді адамы болып көрініп, азаматтарды адастырып, әртүрлі мәселелердің шешімі үшін пара беруге итермелеу арқылы олардың ақшалай қаражатын ұрлаған.

«Топ мүшелерінің бірі Б.Қ. Әбдікерімов соттың санкциясымен қамауға алынды. Басқа қатысушы аз. М.Ж. Тұрановтан «Халықаралық полиция орталығы» («Interpol Center UN») генерал-майорының куәлігі тәркіленді», - делінген Антикор хабарламасында.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша жедел-тергеу іс-шаралар кешені жүргізілуде. Аталған адамдардың басқа қылмыстар жасауға қатысы бар-жоғы тексеріледі.

Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет алаяқтардың мемлекеттік органдарда ойдан шығарылған байланыстармен жасырынып, қылмыстық-жазаланатын іс-әрекеттер жасауының жалғасып жатқан жағдайларына назар аударады.

«Барлық осындай фактілер туралы 1424 нөмірі бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарласуыңызды сұраймыз», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары