Иранның уранды 3,67 пайыздан жоғары байытуға құқығы жоқ
Иран Фордо жерасты ядролық қондырғысында уранды 60 пайызға дейін байыта бастады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, 2015 жылғы Халықаралық ядролық келісімшарт бойынша Иранның уранды 3,67 пайыздан жоғары байытуға құқығы жоқ. Ядролық қару өндіру үшін 90 пайызға дейін байыту қажет. Иран қазірдің өзінде уранды басқа нысанда 60%-ға дейін байыта бастаған.
35 ел мүше Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) Басқарушылар кеңесі бейсенбіде Иранның үш декларацияланбаған нысанда табылған уран байыту ісіне байланысты МАГАТЭ шұғыл түрде ынтымақтасуға міндеттейтін қарар қабылдады.
Иран бұл қадам оның Агенттікпен «сындарлы қарым-қатынасына» әсер етуі мүмкін деп мәлімдеді.
ISNA ақпарат агенттігі Иран Фордода «60% байытылған уран өндіру үшін жаңа IR-6 центрифугаларын» пайдалану туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.