Шымкентте жанармай сататын компаниялар дизель тапшылығын қолдан жасаған

Автор: Azattyq Rýhy

Қасақана жасалған әрекет үшін оларға хабарлама берілді

фото: inbusiness.kz

Шымкентте жанармай сататын компаниялар дизель тапшылығын қолдан жасаған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен Шымкентте орналасқан жанар-жағар май кұю бекеттеріндегі дизель отыны тапшылығы бойынша қолдан кедергі жасау фактілері және әлеуметтік желілерде таралған коғамдық резонансты тудырған мәселелерге байланысты мониторинг жүргізілді. Оның барысында SINOOIL және Гелиос жанар-жағар май құю бекеттерінде дизель отынын сату нарығында көлік жүргізушілердің құқықтарын шектеуге жол бергені анықталды.

«Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодекісінің 170 бабының 1-тармағының 2-тармақшасы сәйкес тауарларды өндіруді не өткізуді негізсіз шектеуге тыйым салынады. Осыған орай, департамент тарапынан «SINOOIL» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Шымкент қаласы Филиалына және «Гелиос» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Шымкент қаласы филиалдарына Кодекстің 199 бабының 1-тармағына сәйкес хабарлама берілді», - деп көрсетті Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі.