Алматылықтарға ескерту жасалды
Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Үлкен және Кіші Алматы су алабында қар көшкіні жүруі мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«23-25 қараша аралығында жылымықтың әсерінен және қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алабында қар көшкіні жүруі мүмкін. Сондықтан тау бөктеріне шығуға тыйым салынады», - деді Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі.