Министрдің айтуынша, ауыл халқына қызмет көрсету кеңейтілді
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ауыл халқы денсаулығына талдау жүргізілгенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Ауыл халқы денсаулығының талдауы бірінші орында 42,7% тыныс алу ағзаларының ауруларынан зардап шегетінін көрсетеді. 2021 жылы – 100 мың тұрғынға шаққанда 17 164,4, ас қорыту – 9%-ды құрады», - деді министр.
Оның айтуынша, коронавирус инфекциясының пандемиясы жылдарында шектеу шараларына байланысты ауыл тұрғындарына мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігі төмендеді.
Ауруларды ерте анықтау және уақтылы емдеу үшін ауқымды профилактикалық қарап-тексерулер енгізіліп жатыр. Жыныстық-жас құрамын, халықтың денсаулығын талдауды ескере отырып, нысаналы топ пен ауыл тұрғындары қызметтерінің тізбесі кеңейтілді. Туғаннан бастап 18 жасқа дейін «Балалар», 18 жастан бастап 29 жасқа дейін «Жастар», 30 жастан бастап 44 жасқа дейін «Еңбек-1»; 45 жастан бастап 65 жасқа дейін «Еңбек-2» және 66 жастан асқандар - «зейнеткер»», - деді ол.
Министр атағандай, профилактикалық қарап-тексерулер жүрек-тамыр жүйесі ауруларының, қант диабетінің, асқазан мен бүйректің созылмалы ауруларының ерте кезеңдерін анықтауға бағытталған.
«Асқазан-ішек жолдарының ауруларын, 18 жастан 70 жасқа дейінгі және одан жоғары жастағы адамдарға арналған несеп бөлу жүйесін, 50 және одан жоғары жастағы адамдарға арналған тыныс алу ағзаларының ауруларын және қуықасты безінің обырын ерте анықтау қызметтері кеңейтілді», - деді Ажар Ғиният.