«Бақылаушылар оң баға берді». ЕҚЫҰ кезектен тыс президент сайлауын қалай бағалады

Автор: Аягөз Құрмаш

Учаскелердің барлығы уақытылы жұмысқа кіріскен

Фото: Azattyq Ruhy

ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөнiндегі бюросының байқаушылары кезектен тыс президенттік сайлауының қорытындысы туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары бюросының (ДИАҚБ) сайлауды бақылау миссиясының жетекшісі Урсула Гачек сайлаудағы әділеттілік туралы  айтты.

«2020 жылғы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс соттардың дауларды шешуіне қатысты елеулі өзгеріс енгізді. Мемлекеттік басқаруға байланысты даулар, соның ішінде сайлауға байланысты істер азаматтық соттардан мамандандырылған әкімшілік соттарға берілді. Осы сайлауға байланысты Жоғарғы сотқа 13 шағым түсті. Соның ішінде кандидаттарды тіркеуге қатысты істер бойынша ОСК-ның барлық шешімі күшінде қалдырылды», - деді ол.

Урсула Гачек атағандай, байқаушылар 127 сайлау учаскесінің ашылуын қадағалады.

«Жалпы барлық сайлау учаскесі уақытында ашылды. СБМ үшеуінен басқа барлық сайлау учаскесінің ашылуына оң баға берді. Байқаушылар 1131 бақылаудың 95 пайызында оң бағалады», - деді ол.