«Ел игілігі үшін жұмыс істейді деп сенемін»: Жигули Дайрабаев Қасым-Жомарт Тоқаевты құттықтады

Автор: Azattyq Rýhy

Қасым-Жомарт Тоқаев 81,31% дауыспен жеңіске жетті

«Ауыл» партиясынан президент сайлауына түскен кандидат Жигули Дайрабаев Қасым-Жомарт Тоқаевты саяси додадағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

Дайрабаев телемарафон кезінде құттықтауын білдірді.

«Қасым-Жомарт Тоқаевты жеңісімен құттықтаймын! Ол ел игілігі үшін жұмыс істейді деп сенемін. Жаңа сайланған Мемлекет басшысына табыс тілеймін!» - деді Дайрабаев.

Естеріңізге сала кетейік, ОСК Қазақстандағы президенттік сайлаудың алдын ала нәтижесін жариялады: Қарақат Әбден – 2,6%, Нұрлан Әуесбаев – 2,22%, Жигули Дайрабаев – 3,42%, Мейрам Қажыкен – 2,53%, Қасым-Жомарт Тоқаев – 81,31%, Салтанат Тұрсынбекова – 2,12%. Барлығына қарсымын – 5,8%.