Сайлаушылардың келуі 100% құрады
Сан-Францискодағы соңғы сайлау учаскесі өз жұмысын аяқтады. Сайлаушылардың келуі 100% құрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.
Айта кетейік, Жапония мен Кореядағы Қазақстан азаматтары ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс беру құқығын алғашқылардың бірі болып пайдаланған еді.