Twitter-де бұғаттаудан шыққан Дональд Трамп миллиондаған оқырман жинап жатыр

Автор: Кенжекей Тоқтамұрат

Оның бұрын 90 млн оқырманы болса, енді 50 млн-нан асты

Фото: ашық дереккөзден

«Мета» компаниясының басшысы Илон Маск АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың Твиттер әлеуметтік желісіндегі аккаунтын бұғаттаудан шығарған соң, Трамп оқырмандарының саны 52 миллионнан адамнан асты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Алайда ВВС агенттігінің жазуынша, Дональд Трамптың өзі бұл желідегі аккаунтының «өзіне керек емес» екенін айтқан.

«Твиттердегі оқырмандар арасында сауалнама жүргізіп, 15 млн адамнан асатын аудиторияның 51,8%-ы «Трамптың аккаунтын бұғаттаудан шығару керек» деп дауыс берген соң осындай шешім қабылдадым», - деген болатын И. Маск.

Естеріңізге сала кетейік, саясаткер Дональд Трамптың аккаунты 2021 жылдың күзінде бұғатталған болатын.