Қазақстанда өткен тәулікте 38 адамнан коронавирус анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Сондай-ақ 2 адам КВИ пневмониясына шалдыққан

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда өткен тәулікте 38 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды. Сондай-ақ 2 адам КВИ пневмониясына шалдыққан. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

21 қарашадағы мәлімет бойынша, 801 адам коронавирус инфекциясынан (–627+ және 174 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 112 пациент стационарда, 689 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 7 адамның жағдайы ауыр,

- 2 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.