$ 518.21  590.09  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда қар көшкіні жүруі мүмкін

Синоптиктер алматылықтарға ескерту жасады

Алматыда қар көшкіні жүруі мүмкін
фото: egemen.kz

Қазгидромет РММ синоптиктерінің болжамынша 21 қарашада бірқатар өңірде көктайғақ болып, тұман түседі, сонымен қатар қар көшкіні жүруі мүмкін екендігі ескертілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Алматы облысында Үлкен және Кіші Алматы су алабтарында жауын-шашынның түсуіне және қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты қар көшкіні жүруі мүмкін.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында кей уақытта қатты қар күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман, көктайғақ. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында жаяу бұрқасын, жол бойында қарлы қатқақ. Жел шығыс бағыттан оңтүстік-батыс бағытқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында екпіні 15 м/с. Қарағанды қаласында күндіз кей уақытта қатты қар, жаяу бұрқасын, жол бойында қарлы қатқақ күтіледі. Жел шығыс бағыттан оңтүстік-батыс бағытқа ауысады, күндіз екпіні 15 м/с.

Алматы облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында қатты жауын-шашын, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыс желі облыстың оңтүстігінде және таулы аудандарында 18-23 м/с. Алматы және Конаев қаласында тұман күтіледі.

Ұлытау облысының батысында, оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде көктайғақ күтіледі.

Астанада, Ақмола және Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында тұман, көктайғақ күтіледі. Орал қаласында түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында тұман, облыстың оңтүстігінде көктайғақ күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз таулы аудандарда күші 15-20 м/с.

Жетісу облысының таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#ауа райы