Бас прокуратура сайлау кезіндегі заңбұзушылық туралы ақпараттардың тексерілгенін хабарлады

Автор: Azattyq Rýhy

Ведомство өкілі жалған хабар таратқандар жазаға тартылатынын ескертті 

Фото: qazaqstan.tv

ҚР Бас прокуратурасы дауыс беру және сайлау науқаны жалпы тыныш жағдайда өтіп жатқанын хабарлады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ведомствоның өкілі Азамат Сарғазин қазіргі сағатқа дейін азаматтардың сайлау құқықтарын бұзу және басқа да заңсыз әрекеттер болмағанын хабарлады. Сондай-ақ дауыс беру басталғалы бері прокуратура органдарына сайлауға қатысты өтініштер түскен жоқ.

«Әлеуметтік желілерде жекелеген пайдаланушылар сайлау учаскелеріндегі болжамды заңбұзушылықтар туралы тексеру кезінде расталмаған ақпарат тарағаны белгілі болды. Мәселен, бүгін Facebook әлеуметтік желісінде қолданушылардың бірі «Қарағандыда прокуратура өкілдері «Еркіндік қанаты» қоғамдық қорының бақылаушыларының қызметіне кедергі келтірді» деген жазба жариялаған. Біз бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынына көз жеткіздік», - деді ол.

Азамат Сарғазин көрінеу жалған ақпарат таратқандар ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы «Көрінеу жалған ақпарат тарату» бойынша жауапкершілікке тартылатынын еске салды.