Астанада жас жұбайлар үйлену тойы күні сайлау учаскесіне барып дауыс берді

Автор: Azattyq Rýhy

Аталған сайлау учаскесінде 2729 сайлаушы тіркелген

Елорданың Есіл ауданындағы №127 сайлау учаскесінде жас жұбайлар үйлену тойы күні дауыс берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Біздің көңіл күйіміз көтеріліп тұр, өйткені бұл – ел үшін де, біз үшін де өте маңызды күн. Сайлауға келіп, дауыс беруді әрбір азаматтың міндеті деп санаймын. Сондықтан бүгін тойымыз болса да, келіп таңдауымызды жасадық. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын», – дейді 25 жастағы Әлішер Айтбаев.

Айта кету керек, бұл сайлау учаскесінде 2729 сайлаушы тіркелген.

Округтік сайлау комиссиясының төрағасы Амангелді Қисабековтің айтуынша, қазірдің өзінде 400-ге жуық азамат дауыс беріп үлгерген.