Ол Астанадағы №113 сайлау учаскесінде дауыс берді
Бүгінгі сайлауда «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынған ҚР президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекова дауыс берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Салтанат Тұрсынбекова Астанадағы №113 сайлау учаскесінде дауыс берді.
Айта кетсек, бүгін, 20 қарашада Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр.
Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан президенттігіне алты кандидатты тіркеді:
- Қасым-Жомарт Тоқаев – «AMANAT», «Ақ жол» партияларынан және Қазақстан халық партиясынан;
- Жигули Дайрабаев – «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан;
- Қарақат Әбден – «Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігінен;
- Салтанат Тұрсынбеков – «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінен;
- Мейрам Қажыкен – «Аманат» республикалық кәсіподақтар бірлестігінен;
- Нұрлан Әуесбаев – оппозициялық Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан (ЖСДП).