ОСК есебі: Алматы – ең аз дауыс берген қала

Автор: Azattyq Rýhy

Ел бойынша әзірге ең белсенді өңір – Қарағанды облысы

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов Астана уақытымен сағат 10.05-тегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлерінде дауыс берген азаматтардың үлесі туралы ақпарат ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Статистикаға сүйенсек, ел бойынша әзірге ең белсенді өңір – Қарағанды облысы болса, азаматтар аз дауыс берген қала – Алматы.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2022 жылғы 20 қараша сағат 10.05-тегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 23,37 % бюллетень алды.